Меню

Страницы

Статья

Медициналық сақтандыру қаражаты қайда жұмсалды: Ұлытауда бірқатар бұзушылық анықталды

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның облыстық филиалына жоспардан тыс аудит жүргізді. Тексеру 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңді қамтып, 13,65 млрд теңге қаражаттың жұмсалуы зерделенді.

Аудит барысында медициналық қызметтерді көрсету мен есепке алу, ақпараттық жүйелердегі деректердің дұрыстығы және сақтандыру қаражатын пайдалану бойынша бірқатар бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, «Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» мен «Сәтбаев қаласының ауруханасы» қаражатты банктік депозиттерге орналастырып, 92,7 млн теңге депозиттік кіріс алған.

Сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қайтыс болған азаматтарға, елден тыс жүрген адамдарға қызмет көрсету, медициналық қызметтердің қайталануы және бір пациенттің бір уақытта бірнеше стационарда емделуі сияқты фактілер анықталды.

Бұдан бөлек, жекелеген медициналық ұйымдардың лицензиялық талаптарды сақтамағаны және іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер үшін төлем жасалғаны белгіленді.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою, негізсіз төленген қаражатты өтеу және медициналық сақтандыру қаражатын пайдалануға бақылауды күшейту жөнінде тиісті шаралар қабылданады.

Дата публикации
23 сентября 2026
Дата обновления
23 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы