Меню

Страницы

Статья

Қаржылық тәртіп — тұрақты бақылауда

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңнама талаптарының бұзылуын анықтау және кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік салаларындағы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша 175 әкімшілік іс қозғалып, тиісті хаттамалар толтырылды.

Істерді қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 16,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған айыппұлдар мемлекеттік бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.

Бұзушылықтардың ең көп саны мемлекеттік сатып алу саласында анықталды. Негізгі бұзушылықтардың қатарында өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа уақтылы жүгінбеу, сондай-ақ заңнама талаптарын бұза отырып шарттар жасасу бар.

Жұмыста айыппұл сомасының 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік беретін қысқартылған іс жүргізу тетігі де қолданылады. Бұл әкімшілік жазалардың жедел орындалуына ықпал етеді.

Бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыс Департаменттің тұрақты бақылауында және одан әрі жалғастырылатын болады.

Дата публикации
22 сентября 2026
Дата обновления
23 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы