Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуға тұрақты негізде камералдық бақылау жүргізеду.
Камералдық бақылау жүргізу шеңберінде конкурстық құжаттамада заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуден тұратын бұзушылықтар жиі анықталады.
Мысалы жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылы «ветеринариялық емдеу профилактикалық қызмет» лицензиясы, «ағаш конструкциялар», «сметалық құжаттаманы жасау» кіші түрлеру бар жобалық қызметке лицензия түріндегі рұқсат құжаттары туралы талаптарды белгіледі.
Бұл ретте, жоғарыда корсетілген рұқсат беру құжаттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда көзделмеген.
Өз кезегінде, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңның 11-бабына сәйкес «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттың болуы, қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберу қажет мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы талапты белгілеуге міндетті.
Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу кезінде қажетті рұқсат құжаттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға болуы тиіс.
Осындай бұзушылықтар анықталған кезде Департамент конкурстық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар орындайтын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.
Қабылданатын ден қою шаралары алдын алу сипатында болады және негізсіз біліктілік талаптарының белгіленуіне жол бермейді.