Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-де аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 21 079,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау фактілері белгіленді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының нормаларын және автокөлікті ұстауға арналған шығыстарды бұза отырып, Мекеме қызметтік автокөліктің айына 2100 километрден астам жүріс лимитін асыра пайдалануы нәтижесінде ЖЖМ-ды артық жұмсауға жол берген, бұл жанар-жағармай материалдарының артық есептен шығарылуына әкеп соқты.
Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шетелге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бұза отырып, Мекеме есеп беретін тұлғалардың аванстық есептерді ұсынбауына жол берген.
Анықталған бұзушылықтар Мекеменің жұмыс процесіндегі жүйелі қателіктерді көрсетеді. Тексеру қорытындысы бойынша аудит объектісінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және бюджет қаражатын қалпына келтіру қажеттілігі туралы нұсқама жіберілді.
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды әрі нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.