Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуына жүйелі түрде камералдық бақылау жүргізді.

Есепті кезеңде Департамент 237 520,85 млн теңге сомасындағы 15198 сатып алу лоты бойынша камералдық бақылау жүргізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 7 606,61 млн теңгені құрайтын 665 сатып алу лоты бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталды.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы тиісті хабарламалар жолданды. Хабарламаларда анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін заңнама талаптарына сәйкес келтіру бойынша талаптар қойылды.

Хабарламаларды уақтылы немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 11 лауазымды тұлғаға қатысты 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, мәні бойынша қарау үшін сот органдарына жолданды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламалармен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің қарсылық білдіру құқығы да қамтамасыз етіледі. Есепті кезеңде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға 8 қарсылық келіп түсті. Олардың 7 қарсылығы қанағаттандырылмады, 1 қарсылық толығымен қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс жүргізілді. "Е-өтініш" электрондық платформасы арқылы камералдық бақылау бөліміне 379 өтініш келіп түсті. Аталған өтініштер қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қаралды.

Дата публикации
04 сентября 2026
Дата обновления
07 сентября 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы