Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы тамыз айының қорытындысы

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2025 жылдан бастап мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында онлайн бюджеттік мониторинг жүйесін тұрақты негізде қолданды. Аталған цифрлық жүйе бюджеттік шығыстарды нақты уақыт режимінде бақылауға, тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға және қаржылық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік берді.

Онлайн бюджеттік мониторинг – бюджеттік қаражаттың қозғалысын автоматтандырылған түрде талдайтын заманауи цифрлық платформа. Жүйе арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қаржы игеруі бойынша деректер жинақталып, талданып, тәуекел белгілері анықталған жағдайда уәкілетті органдарға жедел хабарламалар жолданады. Бұл өз кезегінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға және бюджет қаражатын тиімді басқаруға ықпал етеді.

Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі қазіргі таңда мемлекеттік қаржы саласында ашықтықты арттыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құрал ретінде өз тиімділігін дәлелдеді.

2026 жылдың басынан Департамент «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 32214 тәуекел қаралып, жалпы сомасы 12944957,4 мың теңгені құрайтын 463 хабарлама жолданды.

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де 2026 жылдың мамыр айында жаттықтырушыға жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ақысы 235,3 мың тенгеге артық аударылған.

Тиісті шаралар қабылданып, жалпы сомасы 235,3 мың теңге мекеме шотына толығымен қайтарылды. Тексеру нәтижелері бойынша мектептің бас есепшісіне  «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

«Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де 2026 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында кітапхана жұмысшысына ауылдық жерде жұмыс iстегені үшін лауазымдық айлықақысына 25% мөлшерінде 117,5 мың тенгеге үстемеақы негізсіз төленгені анықталды, артық аудырылған сома мекеме шотына қалпына келтірілді.

Тексеру нәтижелері бойынша мектептің бас есепшісіне  «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Дата публикации
04 сентября 2026
Дата обновления
07 сентября 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы