Коммуналдық қызметтерге арналған арнайы техника — бұл есептегі жай ғана тармақ емес, қалалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысының кепілі.
Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Аксу қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Ақсу су арнасы» КМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудиторлық іс-шара мамандандырылған автокөлік пен техниканы, оның ішінде КО-560 аралас машинасын, вакуумдық машинаны, экскаваторды және ауыз суға арналған автоцистернаны сатып алуға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бағалауға бағытталды.
Аудит барысында бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып туралы заңның бұзушылықтары анықталды.
Бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу нормаларын сақтамаудың нәтижесінде кәсіпорын бюджетті жоспарлаудың нәтижелілік, тиімділік және негізділік қағидаттарын сақтамады, бұл арнайы автомобильдер мен техниканы сатып алу бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалмауына әкеп соқтырды.
Аудитпен қамтылған жалпы сома 250 000,0 мың теңгені құрады, сонымен қатар аудиторлық іс-шараны өткізу кезінде 497 797,0 мың теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша кәсіпорынның атына анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау, сондай-ақ аталған бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы нұсқама жіберілді.