2026 жылдың 1 жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 29 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 13-і жоспарлы және 16-сы жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды құрады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы 6 583 517,3 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ 638 218,09 мың теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар құрылымында:
Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша 273 504,0 мың теңге сомасы сәйкестікке келтіруге жатты.
Мемлекеттік аудит материалдарын іске асыру нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне орындауға міндетті нұсқамалар енгізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:
Осылайша, қаржылық бұзушылықтар бойынша 6 313 771,0 мың теңге сомасында бұзушылықтардың жойылуы қамтамасыз етілді, бұл анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 95,9%-ын құрайды.
Департамент заңдылықты қамтамасыз ету, қаржылық тәртіпті нығайту, бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануды арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.