Меню

Страницы

Статья

Конкурстық құжаттаманың ережелерін талқылау кезінде жиі жіберілетін бұзушылықтар

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап камералдық бақылау барысында тапсырыс берушілер, ұйымдастырушылар, мемлекеттік сатып алуды бірынғай ұйымдастырушылар тарапынан 62 бұзушылық анықталды.

Бұзушылықтардың негізгі бөлігі конкурстық рәсімдерді дайындаумен және өткізумен байланысты, атап айтқанда, тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілердің тиісті ескертулерін алғаннан кейін конкурстық құжаттама жобасына өзгерістер енгізбеген жағдайлар анықталды.

Осындай жағдайлардың бірі Павлодар облысы білім басқармасының Павлодар қаласы білім болімінің «Шапық Шөкин атныдағы орта жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ интерактивті панелін сатып алу кезінде анықталды.

Конкурстық құжаттама жобасын талқылау шеңберінде әлеуетті өнім берушілер техникалық ерекшелікке және оның сатып алу нысанасына сәйкестігіне қатысты ескертулер жолдады. Алайда тапсырыс беруші конкурстық құжаттама жобасына тиісті өзгерістер енгізген жоқ.

Бұдан басқа, конкурстық құжаттама жобасының техникалық ерекшелігіне мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен өзге де шарттар енгізілді.

Мәселен, «Павлодар ауданың қаржы бөлімі» ММ «Лигнит» тауарын сатып алу кезінде конкурстық құжаттама жобасына техникалық ерекшелікте «меншікті немесе жалға алынған ТЖ тұйық, меншікті немесе жалға алынған ашық күзетілетінкөмір қоймасының» болуы туралы талаптар белгіленген.

Әлеуетті өнім берушілір әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын қою бөлігінде конкурстық құжаттама жобасына ескертулер жіберді.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды сатып алу кезінде материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптары қойылмайды. Алайда тапсырыс беруші конкурстық құжаттама жобасына тиісті өзгерістер енгізген жоқ.

Камералдық бақылау қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы хабарламалар жіберілді, олар – толық көлемде орындалды.

Мұндай шаралар профилактикалық сипатта болады. Олардың басты мақсаты - сатып алудың келесі кезеңдерінде бұзушылықтардың алдын алу, сондай - ақ заңдылық, ашықтық және ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

Өңірде мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда. Департамент мамандары заңнаманың талаптарын сақтауға және мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыруға ерекше назар аудара отырып, сатып алу рәсімдеріне жүйелі талдау жүргізеді.

Дата публикации
02 сентября 2026
Дата обновления
07 сентября 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы