Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы аудиторлық іс-шараларының қорытындысы

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылдың 1 жартыжылдығында 28 аудиторлық іс-шара, оның 9 электрондық аудитпен, оның ішінде 2025-2026 жылдарға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 11 аудиторлық іс-шара және жоспардан тыс аудитпен 17 аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы  11 772,1 млн.теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 6 788,9 млн.теңге бюджетке өтелуге және қалпына келтіруге жатады.

Қабылданған шаралар бойынша 5 471,8 млн.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, оның ішінде: есепке алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу арқылы 5 402,5 млн.теңге қалпына келтіріліп, 69,3 млн.теңге бюджетке өтелді.

Аудиттік іс-шаралардың қорытындысы бойынша 34 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды, бюджетке 1,9 млн.теңге өндірілді.

Бұзушылықтардың негізгі үлесін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, еңбекақыны, іссапар шығындарын және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу қағидаларын бұзуға тиесілі.

Бұзушылықтар лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан, кейбір жағдайларда бухгалтерлердің біліктілігінің төмендігінен, қызметкерлердің лауазымдық жалақысын есептеу үшін дұрыс коэффициенті қолданбауынан, мердігерлердің құрылыс нормаларын сақтамауынан, тапсырыс берушiнiң мердiгердiң жұмысына тиiсiнше мониторинг жасамауынан және бақыламағандығынан, шарттық мiндеттемелердiң тиiсiнше орындалмағандықтары себепкер болып табылады.

Мысалы, «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де 2025 жылғы желтоқсандағы тәуекелді төлемдер тізбесіне енген мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша төлемдердің негізділігі мәселесіне сәйкестік аудитін жүргізу барысында 4 215,2 млн. теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Мекеме сатып алынған тұрғын үй бойынша ақаулардың болуына және жұмыстардың толық көлемде орындалмауына қарамастан, «Фирма Жилой фонд» ЖШС-не 4 053,6 млн.теңге және «Альтерна Трейд» ЖШС-не 161,1 млн.теңге аударған. Сондай-ақ, «Қарағанды қаласы, «Панель-Орталық» шағын ауданы. «Үш жапырақты» («Трилистик») көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы. №9 үй. Аяқталмаған құрылыс» жобасы бойынша мердігер «Оливия» ЖШС-не 0,5 млн.теңге сомасында құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін негізсіз төлем жасалған.

Қабылданған шаралармен бұзушылықтар құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау арқылы толық көлемде жойылды.

Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№86 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де мекеме қызметкерлеріне жалақы, сыйақы, сауықтыру жәрдемақысын есептеу мен төлеудің және шарттық міндеттемелердің орындалуының негізділігі мәселесі бойынша сәйкестік аудитін жүргізу кезінде жалпы сомасы 2,9 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды: мекеменің 6 қызметкеріне жұмысты іс жүзінде орындамағаны және факультативтер жүргізбегені үшін 2,83 млн.теңге сомасында жалақы негізсіз төленген; негізгі құралдардың 0,07 млн.теңгеге жетіспеушілігі анықталды. Қабылданған шаралармен негізсіз төленген жалақы мен жетіспеушілік бюджет кірісіне 0,9 млн.теңге сомасында өтелді.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 4,8 млн.теңгеге процедуралық сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Департаментпен тұрақты түрде заң бұзушылықтар сомасын толық өтеу және қалпына келтіру және кінәлілерді жазалау бойынша заңнамада көзделген барлық шараларды қабылдайды.

Дата публикации
01 сентября 2026
Дата обновления
02 сентября 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы