Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау

Департамент камералдық бақылауды тұрақты негізде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес жүргізеді. Камералдық бақылау мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ, осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен ақпараттың әртүрлі көздерінен алынған мәліметтерді мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қолданылатын негізгі тиімді шаралар – тапсырыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолдау және шығыс операцияларын тоқтата тұру.

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша камералдық бақылау нәтижесінде Департамент мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 1590 хабарлама жолдады, оның ішінде 1540 хабарлама орындалды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 170 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оларды қарау нәтижесінде жалпы сомасы 17,996 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынды, оның ішінде 17,218 млн теңге өндірілді. Сот тәртібімен 23 әкімшілік іс қаралды. ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша 22 әкімшілік хаттама толтырылды.

Департамент заңнамада көзделген өзге де функциялармен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады.

«Е-өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың 7 айында 604 өтініш келіп түсті, оның ішінде 498 өтініш қаралды, 88 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Өтініштердің негізгі бөлігі мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты – 351 өтініш.

 

Дата публикации
28 августа 2026
Дата обновления
28 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы
Ақпарат
05 октября 2026
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Баяндама
24 сентября 2026
«Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-гі аудит нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы