Меню

Страницы

Статья

Пациенттердің жол жүру шығындарын өтеу кезінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу фактілері анықталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024–2025 жылдары азаматтардың тұрғылықты елді мекенінен тыс жерлерде емделуге баруына арналған тегін жол жүруді қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына қатысты «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аудит жүргізді.

Тексеру барысында өтемақы төлемдерінің бірқатары азаматтардың жол жүруі мен пациенттерді алып жүру фактісін растамайтын құжаттар негізінде төленгені анықталды. Аудит нәтижесінде жол жүру күндерінің емделу мерзімдеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ бірдей шығындардың қайталанып өтелу фактілері анықталды.

Сонымен қатар өтемақы алушылардың алған қаражатын Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасының банк шотына аудару фактілері анықталды. Өтемақы алған жекелеген азаматтардың жазбаша түсініктемелеріне сәйкес, олар іс жүзінде сапарға шықпаған, ал ұсынылған жол жүру құжаттары формальды түрде рәсімделген.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6,3 млн теңге көлемінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғаны анықталды.

Дата публикации
25 августа 2026
Дата обновления
25 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы