Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласында камералдық бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырады. Оның негізгі мақсаты — бұзушылықтарды уақтылы анықтау және олардың алдын алу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Департамент камералдық бақылаумен 13 033 мемлекеттік сатып алу рәсімінің 12 966-сын, яғни 99,5%-ын қамтыды.
Бақылау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге 756 бұзушылықты жою туралы хабарлама жолданды. Оның 754-і орындалды, 2 хабарлама белгіленген мерзімдерді бұза отырып орындалған. Хабарламаларды тиісінше орындамау фактілері бойынша 12 әкімшілік хаттама толтырылып, 11 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сатып алу тәсілдері бөлінісінде бұзушылықтар:
Ең көп таралған бұзушылықтарға біліктілік талаптары мен рұқсат беру құжаттарын талапқа сай белгілемеу, техникалық ерекшеліктерде стандарттарды дұрыс көрсетпеу, сатып алудың жекелеген тәсілдерін заңсыз қолдану, сондай-ақ техникалық ерекшелікті тек бір тілде орналастыру жатады.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап камералдық бақылау шарттық міндеттемелердің орындалу кезеңіне де кеңейтілді. Осы бағытта жаңа цифрлық алгоритмдер енгізіліп, олар орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдерін шарт талаптарымен автоматты түрде салыстыруға және материалдардың заңды контрагенттерден сатып алынғанын тексеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жоспарлау кезеңіндегі камералдық бақылау аясына электрондық дүкен арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулар енгізілді.
Камералдық бақылаудың бағыттарын кеңейту және цифрландыру мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, бұзушылықтардың алдын алуға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға ықпал етеді.