Меню

Страницы

Статья

2026 жылғы мамыр-маусым кезеңінде жүргізілген аудит нәтижелері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің жйне оның аумақтық бөлімшелерінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, бюджет және өзге де заңнама нормалары талаптарының сақталуы мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізді.

Жүргізілген аудит бюджет қаражатын құқықтық пайдалануға қатысты мәселелерді қамтыды. Аудит  барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, оның ішінде шетелдік мемлекеттерге іссапарлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталанатын ұйымдардың жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы талаптарының бұзылғаны анықталды.

Аудит объектісінде негізсіз іссапар шығындары, еңбекақы төлемдері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы нормалардың бұзушылықтары анықталды.

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің атына нұсқама енгізіп, анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (қайта аудару) бойынша тиісті шаралар қабылдауды міндеттеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы он хаттама толтырылды.

Аудит объектісі нұсқаманы орындау бойынша шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтар сомасы 513,4 мың теңгені республикалық бюджетке қаражат аудару жолымен өтеді.

Осылайша, бюджет және өзге де заңнама нормалары талаптарының анықталған бұзушылқтары жойылып, аудит объектісінің лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

 

Дата публикации
25 августа 2026
Дата обновления
25 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы