Меню

Страницы

Статья

2026 жылғы І жартыжылдықтағы мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) камералдық бақылауды қашықтықтан жүзеге асырады. Бақылау іс-шаралары мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.

Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және олардың алдын алу. Сонымен қатар, бұл бақылау мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беріп, көшпелі бақылау іс-шараларының қажеттілігін азайту арқылы әкімшілік жүктемені төмендетуге ықпал етеді.

2026 жылдың 1-жартыжылдығында камералдық бақылау бөлімі жалпы сомасы 280,2 млрд теңгені құрайтын 18 309 мемлекеттік сатып алуды (лотты) талдаудан өткізді.

Жүргізілген бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 16,8 млрд теңгені құрайтын 1225 лот бойынша бұзушылықтар анықталды. Анықталған әрбір бұзушылық бойынша Департамент мемлекеттік аудит объектілеріне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолдады.

Бақылау нәтижелерін талдау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарына конкурс тәсілімен сатып алуды жүргізу кезінде демпингтік бағаны заңсыз айқындау, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін негізсіз қолдану, конкурстық құжаттамада ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеу, техникалық ерекшеліктің мемлекеттік тілде болмауы, лицензияның (рұқсаттың) болуы туралы талаптың көрсетілмеуі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу жататынын көрсетеді.

Дата публикации
17 августа 2026
Дата обновления
21 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы