Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысында мал шаруашылығын субсидиялау кезінде қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген мемлекеттік аудит нәтижесінде «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мал шаруашылығын субсидиялау барысында бірқатар қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Аудит қорытындысына сәйкес, 2020–2024 жылдар аралығында «Мадина» фермерлік шаруашылығына жұмыстарды жүргізуге арналған субсидияларды тағайындау кезінде субсидия алу шарттарының талаптары толық сақталмаған. Нақтырақ айтқанда, қаралған 14 өтінімнің 8-і белгіленген талаптарға сәйкес келмегеніне қарамастан, жалпы сомасы 32 982,8 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты субсидия ретінде аударылған.

Аталған факт мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру барысында субсидиялау талаптарының тиісті деңгейде сақталмағанын көрсетеді. Мұндай бұзушылықтар бюджет қаражатының заңдылығы, тиімділігі және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаттарына кері әсер етеді. Аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою, жауапты тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті ұсынымдар мен шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Дата публикации
13 августа 2026
Дата обновления
14 августа 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы