Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудит нәтижелері сот шешімдерінде расталды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік ішкі аудит департаменті 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты аудиторлық іс-шара жүргізді.Аудит барысында бюджет қаражатын негізді және нысаналы пайдалану, еңбекақы төлеу, іссапар және өзге де есеп беретін шығыстар мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аудит нәтижелері бойынша іс жүзінде өткізілмеген спорттық-бұқаралық іс-шаралар бойынша іссапар және өзге де шығыстарға негізсіз ақы төлеу фактілері анықталды.

Сонымен қатар, нақты жұмыс істелмеген уақыт үшін еңбекақыны негізсіз есептеу және төлеу фактілері, сондай-ақ қаржылық тәртіптің өзге де бұзушылықтары анықталды.

Кейіннен анықталған мән-жайларға қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде құқықтық баға берілді.

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы үкімімен Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де бұрын басшылық лауазымдарда қызмет атқарған және іс бойынша басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім Шығыс Қазақстан облыстық сотында істі қарау нәтижелері бойынша 2026 жылғы 22 мамырда заңды күшіне енді.

Сот мемлекетке материалдық залал келтірілгенін анықтады, сотталғандардың кінәсі құжаттық материалдарды, банктік үзінді көшірмелерді, сараптама нәтижелерін, хат-хабарларды, сондай-ақ қатысушылар мен куәлардың айғақтарын қоса алғанда, дәлелдемелердің жиынтығымен расталды.

Кейіннен мемлекетке келтірілген залалды өтеу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралды. Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2026 жылғы 29 шілдедегі шешімімен қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылған тұлғаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу туралы талап қою қаралды. Сот процесіне Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік ішкі аудит департаменті үшінші тұлға ретінде қатысты.

Осылайша, жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бюджет қаражатын пайдалану мән-жайларын қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кейіннен бағалау үшін маңызды негіз болды.

Аталған мысал мемлекеттік ішкі аудиттің бұзушылықтарды анықтауға, бюджет қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағытталған практикалық маңыздылығын айқын көрсетеді.

Дата публикации
13 августа 2026
Дата обновления
14 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы