Меню

Страницы

Статья

Миллиардтар бағытқа шықпай қалғанда: Алматыдағы мемлекеттік аудит нәтижелері

    Жүйе сигналы – аудит – нәтиже.

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі ірі бюджеттік төлемдер бойынша тәуекелді анықтағаннан кейін, Алматы қаласы үшін қоғамдық көлікті сатып алуды тексеру дәл осылай басталды.

Тәуекелдерді талдау негізінде Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізді.

Тексеріс барысында 2025 жылдың соңында қоғандық көлікті сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асқаны анықталды.

Бұл ретте, құны 33 млрд теңгеден асатын ақысы төленген автобустардың айтарлықтай бөлігі осы уақытқа дейін Алматыда пайдаланылмай, Саран қаласындағы жеткізушінің аумағында тұруын жалғастыруда.

Заңды сұрақ туындайды: егер көлік Алматы тұрғындары үшін сатып алынса, толық төлем жасалғаннан кейін бірнеше ай өтсе де, ол неліктен қалалық бағыттарға шықпады?

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Алматы қаласының Жол қозғалысын дамыту және қоғамдық көлік басқармасына анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама енгізілді.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік аудит тәуекелге бағытталған тәсілге көбірек негізделуде. Бұл бақылау іс-шараларын ықтимал бұзушылық белгілері бар бюджеттік операцияларға шоғырландыруға және оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл мемлекеттік аудиттің сапасын арттырып қана қоймай, бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді», – деп атап өтті Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Алмас Кавкитаев.

Дата публикации
06 августа 2026
Дата обновления
13 августа 2026
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы