Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың 1-жартыжылдығында 21 аудиторлық іс-шара өткізіп, жалпы сомасы 101 590,1 млн теңге құрайтын бұзушылықтарды анықтады.
Бұған 82 611,4 млн теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар және 18 978,7 млн теңге сомасындағы рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар кіреді, оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар 1 434,9 млн теңгені құрады.
Қабылданған ден қою шаралары аясында бюджетке 9 093,0 млн теңге қайтарылып, қалпына келтірілді және есепке алынды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша 2,0 млн теңге сомасына 24 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінен бюджет кірісіне 2,0 млн теңге өндірілді және 13 лауазымды тұлға, оның ішінде 2 басшылық құрам өкілі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, 1 132 310,7 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша оларды жою туралы 2661 хабарлама жіберілді.
Қазақстан Республикасының бюджеттің атқарылуы саласындағы заңнама нормаларының сақталмауы бюджетті әзірлеу мен атқаруда, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануда бұзушылықтарға әкеп соқты.
Тиімділікті арттыру және қызметті жетілдіру үшін аудит объектілері болған мекеме басшыларына және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұсынымдар берілді. Бұл шаралар бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін және жауапкершілігін арттыруға бағытталған.