ҚР ҚМ ІМАК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы жылдың наурыз айында облыстың 3 мекемесінде 2025 жылға арналған қаржылық есептілікке жоспарлы аудитті аяқтады.
Қаржылық есептілік аудиті жоғарыда аталған объектілердің қаржылық есептілігінің, дұрыстығын, негізділігін, бухгалтерлік есептің және қаржылық жағдайын бағалау мақсатында жүргізілді.
Аудит қорытындылары көрсеткендей, жалпы алғанда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнама талаптарына сәйкес келеді, алайда елеулі бұзушылықтармен жүргізілген.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 7126,4 млн.теңге бұзушылықтар анықталды, олар толық көлемде жойылды, атап айтқанда 7 116,8 млн. теңге бюджетке өтелді және есепке алу бойынша қалпына келтірілді, ал рәсімдік бұзушылықтар 9,6 млн. теңгеңі құрады.
Айта кету қажет, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде жіберілген жоғарыда айтылған кемшіліктер атылған объектілердің 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне елеулі әсерін тигізді.