Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша 24 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар 2 199 917,1 мың теңге сомасында бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 608 932,5 мың теңге және процедуралық бұзушылықтар – 1 590 984,6 мың теңге.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бойынша жалпы сомасы – 469 097,4 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджетке қалпына келтірілуге, өтелуге тиісті сомасы және есепке алу бойынша 611 654,9 мың теңгеден қалпына келтіруге тиісті, өтелгені және есеп бойынша көрсетілген – 446 576,7 мың теңге, 14 ұйғарым жолданды, аудит объектілері толық көлемде орындалған.
Аудит объектілерінің 30 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Процесстік шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына (облыс Прокуратурасы) 1 мемлекеттік аудит материалы берілді («Рудный қаласының білім бөлімінің кешкі мектебі» КММ материалы директордың орынбасары Е.И. Сорокинаның директордың м.а. үшін негізсіз өндірген фактісі бойынша облыс ҰҚКД ӘКК берілді, сондай-ақ педагогтар үшін жалпы сомасы 36,3 млн. теңге артық нормативтік оқу жүктемесі негізсіз түрде жүргізілді).
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 9 938 088,8 мың теңге сомасына 1262 хабарлама жіберілді, оның ішінде 9 796 964,8 мың теңге сомасына 1225 хабарлама орындалды.