2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау жұмыстары «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Есепті кезеңде Департаментте барлығы 345 жолданым тіркелді. Оның ішінде 334 жолданым «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түссе, 11 жолданым қағаз жеткізгіште (қолма-қол) қабылданып, белгіленген тәртіппен тіркелді.
Жолданымдардың сипатына қарай 221 арыз, 49 шағым, 17 ұсыным, сондай-ақ 58 өзге де жолданым (хаттар, сұраулар және сілтемелер) қаралды.
Департаментке келіп түскен барлық жолданымдар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде қаралып, нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданды. Есепті кезеңде жолданымдарды қарау барысында қарау мерзімдерінің бұзылуына немесе негізсіз жабылуына жол берілген жоқ.
Алдағы уақытта да Департамент азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарауды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.