Меню

Страницы

Статья

«Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 6 айындағы аудиторлық қызметінің қорытындысы

Департамент тарапынан 2026 жылдың 6 айында барлығы 43 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, 49 млрд 994,5 млн теңге қаражат қамтылды. Нәтижесінде 43 млрд 985,3 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:

  • бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары — 43 млрд 835 млн теңге;
  • мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары — 150,3 млн теңге.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың ішінен 28 млрд 430,0 млн теңге бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және бухгалтерлік есепте көрсетуге жатады, оның ішінде:

  • өтеуге — 275,8 млн теңге;
  • қалпына келтіруге — 18 млрд 057,9 млн теңге;
  • бухгалтерлік есепте көрсетуге – 10 млрд 096,4 млн теңге.

Департаменттің қабылдаған ден қою шаралары нәтижесінде:

  • бюджетке өтелгені — 59,1 млн теңге;
  • қалпына келтірілгені — 17 млрд 440,5 млн теңге;
  • бухгалтерлік есепте көрсетілгені – 10 млрд 096,4 млн теңге.

Осылайша, барлығы 27 млрд 595,9 млн теңгенің бұзушылықтары жойылды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 171 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 22,9 млн теңге айыппұл салынып, толығымен бюджетке өтелді.

Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы 43 нұсқама жолданып, оның ішінде 29-і толығымен орындалды. Аталған нұсқамалар негізінде 37 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2026 жылдың есептік кезеңінде, заңнама бұзушылықтары бар 4 аудит материалы (жалпы сомасы — 48,8 млн теңге) процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданып, 1 аудит материалы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дата публикации
31 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы