Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында келесі тақырыптар бойынша техникалық оқулар және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді:
Жұмыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 үлгілік жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді, оның ішінде: барлығы – 6 (І тоқсан – 2, ІІ тоқсан – 4). Барлығы мемлекеттік қызметшілерге көрсетілді.
Азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды: барлығы – 9 (І тоқсан – 4, ІІ тоқсан – 5).
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер: жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға жүргізілген мониторинг барысында мемлекеттік қызметшілерге қатысты анықталған материалдар саны: барлығы – 5 (І тоқсан – 2, ІІ тоқсан – 3). Барлығы оң сипаттағы жарияланымдар.
Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныспен тиісті лауазымды адамдарға жолданған материалдар және олар бойынша қабылданған шаралар: жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамасын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде дәрістер мен семинарлар: барлығы – 12 (І тоқсан – 7, ІІ тоқсан – 5).
Аудандарға шығулар жүзеге асырылды: барлығы – 2 (І тоқсан – 1, ІІ тоқсан – 1).
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға және ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға елеулі үлес қосқан көтермеленген тұлғалар саны: барлығы – 1 (І тоқсан).
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуы мен ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында анонимді сауалнамаға қатысқан қызметшілер саны: барлығы – 42 (І тоқсан – 22, ІІ тоқсан – 20).
Жалпы алғанда, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы заңдылық, адалдық, ашықтық және кәсіби әдеп қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталды.