Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылға арналған бекітілген Объектілер тізбесіне сәйкес «Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлаудың, пайдаланудың сәйкестігіне мемлекеттік аудит жүргізу мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 999,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтар жанар-жағармай материалдары бойынша есептілікті тиісінше жүргізбеу, жол парақтарын толтыру, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау бойынша бұзушылықтар бөлігіндегі жүйелі қателіктерді көрсетеді.
Нәтижесінде Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының белгіленген нормативтік-құқықтық заңнамасын білмеуіне байланысты бұзушылықтарға жол берген, сондай-ақ Мекеме басшылығы тарапынан міндеттемелердің тиісінше орындалмауына және тиісті бақылаудың болмауына байланысты орын алған.
Тексеру қорытындысы бойынша аудит объектісінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және бюджет қаражатын қалпына келтіру қажеттілігі туралы нұсқама жіберілді.
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.