Меню

Страницы

Статья

Қостанай ауданы әкімдігінің «Затобол жылу-энергетикалық компаниясы» КМК-дегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 2-тармағын сақтау шеңберінде Қостанай ауданы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің «Затобол жылу-энергетикалық компаниясы» КМК-да «Тобыл қаласының блокты-модульдік газ қазандығын сатып алу» жобасына бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы мәселесі бойынша жоспардан тыс аудиторлық іс-шара өткізді.                                                                                                     

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 92 217,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.                                                     

Анықталған бұзушылықтар бюджет заңнамасын, бухгалтерлік есепті жүргізу және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау процесіндегі жүйелі қателіктерді көрсетеді. Бұл ретте, «Тобыл қаласының блокты-модульдік газ қазандығын сатып алу» жобасын іске асыру бойынша қаржылық-экономикалық негіздемеде (түзету) көрсетілген мерзімде бюджет қаражаты пайдаланылмаған, қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша бұзушылық, жоба бойынша қаржылық-экономикалық негіздеменің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмеген, «Электрондық дүкен» тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асып кету, белгіленген мерзімде өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арыз берілмеуі бөлігінде бұзушылықтар белгіленді.                                                     

Тексеру қорытындысы бойынша аудит объектісінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және бюджет қаражатын қалпына келтіру қажеттілігі туралы нұсқама жіберілді.Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Дата публикации
31 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы