Меню

Страницы

Статья

Баға ұсыныстарын сұрату кезінде белгіні (лицензияны) белгілемеу -тапсырыс беруші үшін тәуекел

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген камералдық бақылау барысында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған ұйымдастырушылар тарапынан 39 бұзушылық анықталды, бұл бұзушылықтар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсаттың болуына қатысты талаптарды белгілемеумен байланысты болды.

Мысалы, автокөлік құралдарын сақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде «Павлодар облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті лицензияның міндетті түрде болуы көзделмеген.

Мұндай талаптың болмауы тиісті рұқсаты жоқ өнім берушімен шарт жасасу қаупін тудырады, бұл заңнаманы бұзуға және белгіленген нормаларды бұза отырып қызметтер көрсетуге әкелуі мүмкін.

Мұндай бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тиісті ден қою шараларын қабылдайды. Аталған шаралар алдын алу сипатында болады және бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Департамент олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Дата публикации
31 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы