Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жүргізілген іс-шараларының қорытындысы

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімінде тиісті жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 10 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 4, жоспардан тыс – 6, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 5, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 1.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 10-ның жалпы сомасы 8 152,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 6 875,2 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде: 31,8 млн. теңгесі бюджетке өтелуге жатады (толығымен бюджетке өтелді, бұл 100%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 1 101,6 млн.теңге (толығымен жұмыстарымен орындалған, бұл 100%-ды құрайды), 5 741,8 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар (толығымен қалпына келтірілді, яғни 100%-ды құрайды), 1 277,0 мың.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 309,8 мың. теңге.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,6 млн теңге бюджетке толығымен өтелді.

Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:

 - орындалмаған жұмыстар және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 1 024,0 млн.теңгеге;

 - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 5 743,9 млн.теңгеге;

- жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 4,3 млн.теңгеге;

- мемлекеттік активтерді пайдаланудағы бұзушылықтар – 103,0 млн.теңгеге анықталды.

Департаментпен камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 17501 рәсімінің 17487-і қамтылды, бұл 99,9%-ды құрайды, оның аясында ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге 1 592 хабарлама жолданды, оның ішінде 1 561 хабарлама орындалды, яғни 98,0%-ды құрайды.

Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы
Ақпарат
05 октября 2026
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Баяндама
24 сентября 2026
«Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-гі аудит нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы