Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды.
Есепті кезеңде жалпы көлемі 14,1 млрд теңгені құрайтын бюджет қаражатын қамти отырып, 30 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 11 жоспарлы және 19 жоспардан тыс аудит.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 7 млрд теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде 2,3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар және 4,7 млрд теңге көлемінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 563,8 млн теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар жойылды, оның ішінде 30,5 млн теңге бюджетке өтелді, 97,3 млн теңге қалпына келтірілді және 436 млн теңге бухгалтерлік есепте көрсетілді.
Мемлекеттік аудит объектілерінің атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы 28 нұсқама жолданды. Оның ішінде 13 нұсқама аудит объектілерімен толық көлемде орындалды, ал қалған 15 нұсқама бойынша орындау мерзімдері әлі аяқталмаған немесе дәлелді себептерге байланысты ұзартылған.
Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде 8 қорытынды дайындалып, олардың нәтижелері бойынша 39,8 млн теңге сомасында бұзушылықтар анықталды.
Камералдық бақылаумен жалпы сомасы шамамен 2,4 трлн теңгені құрайтын 52 265 лот қамтылды. Бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге жалпы сомасы 37,7 млрд теңгеге 2 131 хабарлама жолданды.
Онлайн-бюджеттік мониторинг шеңберінде анықталған тәуекелдері бар жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын 6 288 төлем бойынша 108 хабарлама жолданды. Қарау нәтижелері бойынша 8,6 млн теңге сомасына тәуекелдер расталды.
2026 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментпен 456 әкімшілік іс қозғалды.
Есепті кезеңде Департаментте азаматтар мен заңды тұлғалардан 1 319 өтініш тіркелді. Оның ішінде 931 – арыз, 283 – шағым, 9 – ұсыныс және 96 – өзге де өтініштер (хабарламалар, сұрау салулар және пікірлер).
Департамент бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің негізді пайдаланылуын бақылау жұмысын жалғастыруда, сондай-ақ бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында аудиттің цифрлық құралдарын нақты уақыт режимінде пайдалануда.