Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысының қорытындыларын шығарды.

Есепті кезеңде Департаментке барлығы 1 319 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 931 – арыз, 283 – шағым, 9 – ұсыныс және 96 – өзге де өтініштер (хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер).

Жалпы келіп түскен өтініштердің 1 003-і Департаменттің құзыреті шегінде қаралды. Қарау нәтижесінде 9 өтініш бойынша өтініш берушілердің уәждері өз растауын тапты. Аталған фактілер бойынша аудиторлық іс-шаралар жүргізіліп, олардың барысында заңнама талаптарының сақталуы және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы мәселелері тексерілді.

Сонымен қатар, 316 өтініш одан әрі қарау және тиісті шешім қабылдау үшін құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.

Келіп түскен өтініштерді талдау олардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың күшін жою және камералдық бақылау жүргізу мәселелеріне қатысты екенін көрсетті. Сондай-ақ өтініштердің едәуір бөлігі білім беру саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мәселелеріне қатысты болды.

Өтініштерді жедел әрі сапалы қарауды, сондай-ақ уақтылы және негізді шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында Департамент өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаудың, оның ішінде өтініштің түрін дұрыс айқындаудың және баяндалған уәждерді растайтын құжаттарды қоса берудің маңыздылығын еске салады.

Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы
Ақпарат
05 октября 2026
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Баяндама
24 сентября 2026
«Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-гі аудит нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы