Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау қорытындылары

2026 жылдың 1 жартыжылдығында Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау шеңберінде жалпы сомасы шамамен 2,4 трлн теңгені құрайтын 52 265 лот қамтылды.

Жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің атына жалпы сомасы 37,7 млрд теңгеге 2 131 хабарлама жолданды.

Жалпы хабарламалардың ішінде бірінші бағыт бойынша – 490, екінші бағыт бойынша – 341, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалған шарттар бойынша – 620, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген сатып алулар бойынша – 580 және қосымша келісімдер бойынша – 100 хабарлама жолданды.

Камералдық бақылау нәтижелерін талдау көрсеткендей, ең жиі анықталатын бұзушылықтар конкурстық құжаттамада заңнамада көзделмеген талаптарды белгілеуге, бір көзден сатып алу тәсілін негізсіз қолдануға, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және көрсетілетін қызметтерді ұсыну мерзімдерін бұзуға байланысты.

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуының алдын алуға және сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі камералдық бақылауды жалғастыруда.

Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы
Ақпарат
05 октября 2026
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Баяндама
24 сентября 2026
«Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-гі аудит нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы