2026 жылдың ІІ тоқсанында Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ-де аудиторлық іс-шара өткізуді аяқтады.
Аудит нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 47 264,1 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтірілуі тиіс сома – 36 002,4 мың теңге, өтелуі тиіс сома – 11 261,7 мың теңге. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы – 371 212,5 мың теңге. Тексеру барысында Қазақстан Республикасының бюджет және еңбек заңнамасының, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды.
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды әрі нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.