Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызмет қорытындылары

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекеттік ішкі аудит департаменті 25 аудиторлық іс-шара өткізді. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 21,7 млрд теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар көлемі 14,5 млрд теңгені құрады.

Қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде анықталды. Сонымен қатар, бұзушылықтар құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі салаларында да жиі кездеседі. Ең көп анықталған бұзушылықтардың қатарында нақты орындалмаған жұмыстарға ақы төлеу, сондай-ақ техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды сатып алу фактілері бар.

Бірінші жартыжылдықта облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізуге 588,1 млн теңге көлемінде субсидияның негізсіз аударылғаны анықталды. Аталған қаражат бюджетке қайтарылуға жатады. Аталған фактілер бойынша аудит материалдары процестік шешім қабылдау үшін прокуратура органдарына жолданды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13,5 млрд теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтар толық көлемде жойылды. Аудит объектілерінің 34 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Келтірілген залалды өтеу және қаржылық бұзушылықтар бойынша қаражатты өндіріп алу жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша Департамент 67 әкімшілік іс қозғады. Олардың нәтижесінде жалпы сомасы 8,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды, олардың барлығы толық көлемде өндірілді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 июля 2026
Дата обновления
23 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы