Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану бойынша мемлекеттік аудит қорытындылары

Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті «Павлодар облысының ветеринария станциясы» ШЖҚ МКК -да ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану сұрағы бойынша аудиторлық іс-шарасын аяқтады.

Тексеру нәтижесінде 1,7 млн. теңге көлемінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғаны, сондай-ақ ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және құжаттық ресімдеу кезінде бұзышулықтарға жол берілгені анықталды.

Негізгі бұзушылықтардың бірі – 4 994 бас ірі қара малға қарсы вакцинаның қайта егілгені болды. Вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вакцинадан кейінгі иммунитет 12 ай бойы сақталады, сондықтан осы мерзім ішінде қайта вакцинациялауға жол берілмейді. Соған қарамастан аталған ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп, бюджет қаражаты есебінен төленген, бұл 1,7 млн. теңге көлеміндегі негізсіз шығындарға әкелген.

Сонымен қатар аудит барысында ірі қара малды аусылға қарсы вакцинациялау бойынша 7334 жағдайдың формальды түрде рәсімделгені анықталды. Аталған жағдайлар тиісті негіздерсіз құжаттарға енгізілген, бұл ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау мен есепке алу бойынша бақылаудың жеткіліксіз болғанын көрсетеді.

Сондай-ақ бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеу кезінде де бұзушылықтар анықталды. Кейбір жағдайларда құжаттарды мал иелерінің қолдарының орнына басқа адамдар қол қойған, бұл бастапқы есепке алу құжаттарын рәсімдеудің белгіленген тәртібінің сақталмағаның көрсетеді.

Аудит нәтижесінде негізсіз жұмсалған 1,7 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаражаты бюджетке толық көлемде өтелді. Сонымен қатар анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға мәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Дата публикации
23 июля 2026
Дата обновления
23 июля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы