Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың 2 тоқсандағы қызметінің қорытындысы

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылдың екінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде анықталған заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасы 60,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 5,5 млрд теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 55,3 млрд теңге.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 101,4 млн теңге өтеліп, 5,4 млрд теңге қалпына келтірілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 38 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Анықталған бұзушылықтарды және олардың орын алуына ықпал еткен себептерді жою мақсатында Департамент тарапынан 28 нұсқама берілді. Есепті күнге дейін олардың 24-і бойынша орындалу мерзімі келіп, барлығы толық көлемде орындалды.

Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі – электрондық мемлекеттік аудитті дамыту болып қала береді. Цифрлық құралдардың жетілдірілуіне қарай электрондық форматта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың көлемі жүйелі түрде кеңейтілуде. Мұндай тәсіл бақылау іс-шараларының жеделдігін арттыруға, аудит нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік аудиттің профилактикалық бағытын күшейтуге мүмкіндік береді.

 

 

Дата публикации
16 июля 2026
Дата обновления
16 июля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы