Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Қазіргі жағдайда мемлекеттік басқарудың тиімділігі мемлекеттік қызметшілердің адалдығына, заң талаптарын сақтауы мен қызметтік әдептің жоғары стандарттарын ұстануына тікелей байланысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамамен белгіленген шектеулерді сақтау. Бұл талаптар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға және басқарушылық шешімдердің объективті қабылдануын қамтамасыз етуге бағытталған.
Соңғы уақытта мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәстесуге қатысуына қойылған тыйымды сақтау мәселесіне ерекше назар аударылуда. Мұндай шектеулер заңнамада кездейсоқ көзделмеген. Құмар ойындарға тәуелділік (лудомания) қаржылық қиындықтарға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына, мүдделер қақтығысының туындауына және жеке мүдделердің ықпалымен шешім қабылдауға әкелуі мүмкін. Сондықтан аталған талаптарды сақтау – тек заңдық міндет қана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің кәсіби жауапкершілігінің маңызды құрамдас бөлігі.
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Заңнама талаптарының бұзылуының әрбір анықталған фактісі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, біздің жұмысымыздың басты бағыты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, адалдық қағидаттарын нығайту және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.
Осыған байланысты келесі бағыттар бойынша профилактикалық жұмысты күшейту қажет деп есептеймін:
Тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану өз алдына мақсат емес екенін түсіну маңызды. Басшының негізгі міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру және әрбір мемлекеттік қызметшінің мемлекет пен қоғам алдындағы жеке жауапкершілігін сезінуіне ықпал ету.
Заң талаптарын бұлжытпай сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету және басшылардың жеке үлгі көрсетуі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға әрі азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін