Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінде еңбекақы бойынша мониторинг жүргізуде. 03.07.2026 жылғы жағдай бойынша 5581,4 мың теңге сомасында еңбекақыны асыра бағалау (артық төлеу) бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтар жойылды және бюджетке толық көлемде өтелді.
Департамент күн сайын еңбекақыны асыра бағалау, негізсіз төлемдер жасау, жұмыс істелген сағаттар мен мөлшерлемелерді (ставкаларды) қолдан арттыру тәуекелдеріне талдау жүргізеді.
Сондай-ақ Департамент «Денисов ауданының білім бөлімі» ММ-мен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірлесіп, мектептердің, балабақшалардың және мектептен тыс ұйымдардың директорлары мен бухгалтерлері үшін «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі, бухгалтерлік есеп ережелері және қаржылық есептілік бойынша кеңес өткізді.