Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысында Теректі аудандық ауруханасының қызметінде заң бұзушылықтар анықталды

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Теректі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2023–2025 жылдардағы қызметіне сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 36,5 млн теңгені құрады. Тексеру нәтижесінде 9,1 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ 25,8 млн теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы төлеу, дәрілік заттарды есепке алу кезінде бұзушылықтарға жол беру, жарамды рұқсат беру құжаттары (маман сертификаты) жоқ қызметкерлердің медициналық қызмет көрсету фактілері, сондай-ақ емдеу-диагностикалық қызметтер көлемін негізсіз ұлғайту жағдайлары анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, техникалық ерекшеліктерді әзірлеу, ақпаратты уақтылы орналастыру талаптарын сақтамау, жосықсыз өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану жөнінде шаралар қабылдамау және шарттарда көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алмау фактілері анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша Департамент анықталған бұзушылықтарды жою, ішкі бақылауды күшейту, денсаулық сақтау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу салаларындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау туралы нұсқама жолданатын болады. Сонымен қатар, кінәлі лауазымды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Дата публикации
03 июля 2026
Дата обновления
08 июля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы