Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысында Ішкі мемлекеттік аудит департаменті әлеуметтік салада бұзушылықтары анықталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Орал арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де аудит жүргізілді.

Аудиторлық іс-шараның мақсаты әлеуметтік салада бюджеттік қаражат пен мемлекет активтерін жоспарлаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың тиімділігі мен заңдылығының сақталуын тексеру болды.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2 085,1 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда:

  • 202,8 мың теңге сомасына іссапар шығынтарын негізсіз төлеу;
  • коэффициентті қате қолдану салдарынан 182,9 мың теңге мөлшерінде жалақыны артық есептеу және аудару;
  • 1 010,3 мың теңге сомасына үстеме жұмыс үшін негізсіз төлемдер;
  • азаматтық-құқықтық шарттар бойынша орындалған жұмыстарды растау кезінде 689,1 мың теңге сомасында бұзушылықтар.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласында жалпы сомасы 45 353,9 мың теңге көлемінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар тіркелді.

Аудит нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 2 659,9 мың теңгеге қысқартылған тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Аталған сомалар белгіленген мерзімде мемлекет кірісіне өтелді.

Департамент анықталған бұзушылықтарды жою, келтірілген залалды өтеу және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарау туралы ұйғарым шығарды.

Қазіргі уақытта ұйғарым орындалды: қаржылық бұзушылықтардың толық көлемі (2 085,1 мың теңге) бюджетке өтелді, ал жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза ретінде сөгіс берілді.

Дата публикации
03 июля 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы