Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шеңберінде камералдық бақылауды тұрақты түрде жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты – бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру. Бұл тетік сонымен қатар мемлекеттік аудит объектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

Камералдық бақылауды жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен реттеледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Департамент 19 048 мемлекеттік сатып алу рәсімінің 18 968-ін қамтыды, бұл 99,6%-ды құрайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне жалпы сомасы 9,2 млрд теңгеге анықталған бұзушылықтар бойынша 1 056 бұзушылықты жою туралы хабарлама жолданды. Осылайша, Департамент аталған сома көлеміндегі бұзушылықтардың алдын алды.

Жолданған хабарламалардың жалпы санынан:

  • орындалғаны — 1 047;
  • белгіленген мерзімдер бұзылып орындалғаны — 9.

Департаментпен жолданған хабарламаларды тиісінше орындамау деректері бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты 9 әкімшілік хаттама толтырылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігі бойынша 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері бөлінісінде анықталған бұзушылықтар келесідей бөлінді:

  • конкурс (аукцион) — 313 хабарлама;
  • баға ұсыныстарын сұрату — 547 хабарлама;
  • бір көзден тікелей шарт жасасу — 196 хабарлама.

  Анықталған бұзушылықтарды талдау олардың ішінде ең кең таралғандары мыналар екенін көрсетеді:

  • техникалық ерекшелікте тиісті ұлттық, ал олар болмаған жағдайда — мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеу немесе қате көрсету;
  • тапсырыс берушілердің (ұйымдастырушылардың) конкурс (аукцион) құжаттамасында заңнама талаптарын бұза отырып, біліктілік талаптары мен шарттарды белгілеуі;
  • лицензия немесе қызметті бастау туралы хабарлама талап етілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар жүргізу;
  • бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілін заңсыз қолдану;
  • техникалық ерекшелікті тек бір тілде орналастыру.

    Департаменттің камералдық бақылау жұмыстары мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қаржының ұтымды жұмсалуына қызмет етеді.

Дата публикации
03 июля 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы