Меню

Страницы

Статья

Қаржылық есептілік аудит

Заңнамада көзделген өкілеттіктерге сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет бағдарламалары әкімшілері мен облыстың мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізді. Аудиттің мақсаты – қаржылық есептіліктің шынайылығын және негізділігін, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қаржылық жай-күйін бағалау болып табылады.

2025 жылға жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша бюджет бағдарламалары әкімшілерінің де, жалпы облыстың да шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыруға әсер еткен жүйелі бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 6 120 991,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:

  • қаржылық есептіліктің шынайылығына елеулі әсер ететін қаржылық бұзушылықтар – 6 083 554,5 мың теңге;
  • рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 37 436,5 мың теңге.

Бұзушылықтардың жалпы көлемінен:

  • 1 391,2 мың теңге бюджетке өтеуге (аударуға) жатады;
  • 6 119 599,8 мың теңге бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілу арқылы қалпына келтіруге жатады.

Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабы бойынша 11 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасы 2 189,8 мың теңгені құрап, толық көлемде бюджет кірісіне төленді.

Бюджет бағдарламаларының әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің мекенжайларына ішкі бақылау жүйесін күшейту, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау саласында қаржы қызметтері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ заңнама бұзушылықтарын болдырмау және олардың қайталануына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар жолданды.

Дата публикации
03 июля 2026
Дата обновления
08 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы