Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2025 жылдан бастап мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында онлайн бюджеттік мониторинг жүйесін тұрақты негізде қолданды. Аталған цифрлық жүйе бюджеттік шығыстарды нақты уақыт режимінде бақылауға, тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға және қаржылық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік берді.
Онлайн бюджеттік мониторинг – бюджеттік қаражаттың қозғалысын автоматтандырылған түрде талдайтын заманауи цифрлық платформа. Жүйе арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қаржы игеруі бойынша деректер жинақталып, талданып, тәуекел белгілері анықталған жағдайда уәкілетті органдарға жедел хабарламалар жолданады. Бұл өз кезегінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға және бюджет қаражатын тиімді басқаруға ықпал етеді.
Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі қазіргі таңда мемлекеттік қаржы саласында ашықтықты арттыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құрал ретінде өз тиімділігін дәлелдеді.
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің 2026 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мониторинг объектілері бойынша 8207 тәуекел қаралып, жалпы сомасы 1608,8 млн теңгені құрайтын 244 хабарлама жолданды.
Мониторинг барысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы сомасы 12,4 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бүгінгі таңда анықталған тәуекелдер бойынша бұзушылықтарға уақтылы алдын алу шаралары қабылданып, 7,8 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар бюджетке өтелді. Өтелмеген сомалар бойынша бюджетке өндіру жөнінде Департаментпен Ақтөбе облысының мамандырылған ауданаралық экономиқалық сотына талап арыз жолданды.
Анықталған бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершіліктері қаралып «қатаң сөгіс», «сөгіс» және «ескерту» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды.
Жоғарыда аталған қаржылық бұзушылықтардың болдырмау барысында және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне хаттар жолданып өздеріне қарасты мекемелер арасында жұмыстар жүргізу туралы ұсынымдар берілді және аңықталған бұзышылықтар туралы ақпаратты олардың ресми интернет-ресурстарында жариялау ұсынылды.
Сонымен қатар бұзушылықтар фактілері бойынша Департамент тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына және Комитеттің ресми сайтына мақала түрінде тұрақты негізде жарияланып отырады.