Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Ұлытау облысында мемлекеттік қаржыны жымқыруға қатысты кезекті заң бұзушылық фактісі бойынша сот үкімі шықты. «Ұлытау облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің бас есепшісінің міндетін атқарушы бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот материалдарына сәйкес, ол 2023 жылғы қаңтар мен 2025 жылғы мамыр аралығында мекеме басшыларының электрондық цифрлық қолтаңбаларын (ЭЦҚ) заңсыз пайдаланып келген. Осы ЭЦҚ кілттері арқылы архивтің бюджеттік есепшотынан өзінің жеке банктік шотына бірнеше мәрте заңсыз ақша аударып отырған. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі 23 миллион 828 мың 36 теңгені құрады.

Сот талқылауы барысында сотталушы келтірілген шығынның 8 миллион 444 мың 545 теңгесін мемлекетке өз еркімен қайтарды. Сонымен қатар қалған берешекті өтеуге міндеттенді. Жәбірленуші тарап – Ұлытау облысының мәдениет басқармасы соттан қалған 15,3 миллион теңгені сотталушыдан өндіріп беруді сұрады.

Сот үкімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, оған 5 жыл бойы есепшілік қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

Аталған аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген онлайн-бюджеттік мониторинг пен талдау жұмыстарының нәтижесінде анықталды. Бұл жағдай мемлекеттік қаржының ашықтығы мен тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуде цифрлық бақылау тетіктерінің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Дата публикации
30 июня 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы