Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысының спорт басқармасында бұрмаланған қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп жүргізудегі бұзушылықтар анықталды

Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын шығарды.

Тексеру барысында бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, жалпы сомасы 4 329,5 мың теңгені құрайтын дебиторлық және кредиторлық берешектердің бухгалтерлік есепте көрсетілмегені белгілі болды. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын сақтамау салдарынан негізгі құралдардың амортизациясы 38,7 мың теңге сомасына дұрыс есептелмеген.

Бұдан бөлек, мемлекеттік аудит барысында жалпы сомасы 29 504,8 мың теңгені құрайтын рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шаралар барысында жалпы сомасы 4 368,2 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар қалпына келтіріліп, толық көлемде жойылды.

Қаржылық есептілікті бұрмалап жасағаны үшін басқармаға қарасты ұйымдардың екі бас бухгалтері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 491,5 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдар толық көлемде өндірілді.

Аудит нәтижелері мемлекеттік мекемелерде қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бухгалтерлік есеп талаптарын қатаң сақтаудың және ішкі қаржылық бақылауды күшейтудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Дата публикации
29 июня 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы