Меню

Страницы

Статья

Аудит Ұлытау облысының мәдениет саласында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктегі бұзушылықтарды анықтады

Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын шығарды.

Жүргізілген тексеру барысында бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, аудиторлар 61,0 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешектің бухгалтерлік есепте көрсетілмегенін анықтады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын сақтамау салдарынан негізгі құралдардың амортизациясы 1 917,7 мың теңге сомасына дұрыс есептелмеген.

Бұдан бөлек, мемлекеттік аудит барысында жалпы сомасы 1 594,8 мың теңгені құрайтын рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Сонымен бірге, аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 1 978,7 мың теңге болатын қаржылық бұзушылықтар қалпына келтіріліп, толық көлемде жойылды.

Қаржылық есептілікті бұрмалап жасағаны үшін басқармаға қарасты ұйымдардың бірінің бас бухгалтеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 216,3 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл сомасы толық көлемде өндірілді.

Дата публикации
29 июня 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы