ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылдың 6 ай нәтижелері бойынша жалпы сомасы 184 млрд. теңгені құрайтын сатып алулар рәсімін камералдық бақылаумен тексеру қамтамасыз етілді.
Нәтижесінде, 31,3 млрд. теңге сомасына бұзушылықтар анықталып, бюджеттік міндеттемелерді заңсыз қабылдау және келісім-шарт жасалмай, қаражат аударылмай тұрып-ақ тоқтатылды.
Осымен бірге, Департамент камералдық бақылаумен жалпы сомасы 4,9 млрд теңгеге бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша негізсіз келісім-шарттар жасау фактілерін тоқтатты, бұл тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды бәсекелестік ортаға енгізуге, сол арқылы әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысуға тең мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға жұмсалған қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында 0,9 млрд теңге сомасына қосымша келісімдерді негізсіз жасау фактілері анықталып тоқтатылды.
Талдау көрсеткендей, жиі кездесетін бұзушылықтарға стандарттарды көрсетпеу, мерзімдерді көрсетпеу, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын орналастырмау, заңда көзделмеген жағдайларда үлгілерді, тауар белгілерін және қызмет көрсету белгілерін көрсете отырып, дұрыс емес демингтік көрсеткішті белгілеу және басқа бұзущылақтар табылады.
Тікелей шарт жасау арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асырған жағдайда тапсырыс берушілер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі No 106-VIII ҚР Заңының 16-бабында көзделген тиісті негіздерсіз бұл әдісті таңдауға жиі жол береді.
Жекелеген жағдайларда, хабарламаларды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 37 іс қозғалған.
Бұл бағыттағы, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және дер кезінде анықтау жұмыстары жалғасуда.