Меню

Страницы

Статья

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнаманы бұзу

ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген бақылау барысында сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізетін сатып алуды ұйымдастырушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, мысалы, «Торайғыров университеті» КеАҚ ұлттық режимнен алып қоюлар шеңберінде «желілік коммутаторды» сатып алу туралы хабарландыру жариялаған, яғни бұл сатып алу отандық тауар өндірушілер арасында жргізілді. Бұл ретте тапсырыс беруші хабарландыруда тауарды жеткізу мерзімін 16 күнтізбелік күн деп белгілеген.

Алайда аталған талап Мемлекеттік сатып алу заңының жүзеге асыру қағидаларының нормаларына сәйкес келмейді, атап айтқанда, егер жеткізуші қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде болса, шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең төменгі мерзімі кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күнді құрауы тиіс.

Осындай бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тиісті ден қою шараларын қабылдайды, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу арқылы. Департамент жіберген хабарламалар мемлекеттік сатып алулар жою жолымен орындалады.

Аталған шаралар алдын алу сипатында болады және бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Департамент олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

 

 

Дата публикации
26 июня 2026
Дата обновления
16 июля 2026
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы