Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алуларға тұрақты түрде камералдық бақылау жүргізілуде.
Осы жұмыстар аясында Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Түркістан қаласының білім бөлімінің «Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026 жылдың маусым айында мемлекеттік сатып алулар веб-порталында жариялаған мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында сатып алу құжаттамасының техникалық ерекшелігінде әлеуетті өнім берушілердің бәсекелестік ортада тең қатысуына шектеу қоюы мүмкін талаптардың көрсетілгені анықталды. Атап айтқанда, техникалық ерекшелікте нақты бір «BERGER» маркасының болуы қажеттігі белгіленген.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша тапсырыс беруші мекемеге анықталған кемшіліктерді жою және сатып алу құжаттарын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру жөнінде хабарлама жолданды.
Нәтижесінде ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің хабарламасы толық көлемде және тиісті дәрежеде орындалып, сатып алу рәсіміндегі анықталған кемшіліктер жойылды.
Департамент мемлекеттік сатып алу саласында ашықтықты қамтамасыз ету, бәсекелестікті дамыту және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береді.