Меню

Страницы

Статья

Ішкі мемлекеттік аудит – қаржы тәртібін нығайту құралы

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау бағытында тұрақты түрде аудиторлық іс-шаралар жүргізіп келеді.

Осы жұмыстар шеңберінде Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану мәселелері бойынша аудит жүргізілді.

Аудит барысында құрылыс нысандары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуы, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуы тексерілді.

Тексеру нәтижесінде қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, кейбір жағдайларда бюджет қаражатын жұмсауға негіз болған құжаттардың талаптарға толық сәйкес келмеуі, орындалған жұмыстарды ресімдеу кезінде заңнама талаптарының сақталмауы, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілмей тұрып төлем жүргізу фактілері орын алған.

Аудит барысында құрылыс нысандарына бақылау өлшемдері жүргізіліп, орындалған жұмыстардың нақты көлемдері зерделенді. Сонымен қатар, жауапты лауазымды тұлғалардан түсініктемелер алынып, құжаттар кешенді түрде талданды.

Мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты анықталған кемшіліктерді тіркеумен ғана шектелмейді. Ең бастысы – қаржылық тәртіпті нығайту, тәуекелдердің алдын алу, мемлекеттік ресурстарды басқару тиімділігін арттыру және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Аудит нәтижесімен аудит объектісіне қатысты қаржылық бақылаудың ден қою шаралары қолданылатын болады.

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдағы уақытта да бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен есептілікті арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыратын болады.

 

Дата публикации
25 июня 2026
Дата обновления
16 июля 2026
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы