Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қаласын абаттандыру саласындағы мемлекеттік аудит қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудиторлық іс-шара Көкшетау қаласын абаттандыру шеңберінде ағаштарды бұтау және қураған ағаштарды түбірімен қопарып кесу жұмыстары кезінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша жүргізілді.

Аудит барысында мемлекеттік мекеме мен «Арлан-2004» ЖШС арасында 2024 жылға арналған 018 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы, 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша жалпы сомасы 93 000,0 мың теңгеге ағаштарды бұтау және қураған ағаштарды түбірімен қопарып кесу жұмыстарын орындауға шарт жасалғаны анықталды.

Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляциялық комиссиясының 2025 жылғы 29 мамырдағы №ДАВГА-01-ДА/4067-И шешімін ескере отырып, объектінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы 13 наурыздағы аудиторлық есебіне берген қарсылығын қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 12 224,03 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның барлығы бюджетке өтелуге жатады. Сонымен қатар, 93 000,0 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында өнім берушінің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны анықталды. Атап айтқанда, жұмыстардың нақты орындалуын растайтын техникалық ерекшелікте көзделген фото және бейне есептердің болмауы анықталды. Бақылау өлшемінің қорытындысы бойынша нақты орындалған және қабылданған жұмыс көлемдері арасында сәйкессіздіктер анықталды.

Сондай-ақ техникалық ерекшелікте көзделген көлемнен тыс қураған ағаштарды кесу жұмыстарының қабылдануы және төленуі фактілері анықталды. Бұдан бөлек, ағаштарды бұтағаннан кейін кесілген жерлерді өңдеу бойынша техникалық ерекшелік талаптарының бұзылуы анықталды.

Сонымен қатар, тапсырыс беруші өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа жүгіну бойынша шаралар қабылдамаған, осыған байланысты жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік мәселесі қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Департамент тарапынан аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

Аудит нәтижелері сот тәртібімен қаралды. Жүргізілген талап-арыз жұмыстарының қорытындысы бойынша Департамент нұсқамасы орындалып, осыған байланысты аудиторлық іс-шара аяқталды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 июня 2026
Дата обновления
22 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы